Бүгін Алматыдағы Әуезов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан «Халық банктің» кеңсесі алдында ипотекалық несиеге үй алып, қарызын қайтара алмай жүрген ондаған адам банкке өз талаптарын айтуға келген.
Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, жиналғандар бұған дейін банктің ипотекаға үй алған кейбір адамдардың қарыздарын кешіргені туралы естігендерін айтып, олардың тізімін көрсетуді және өздерінің де қарыздарын кешіруді талап еткен. Жиналғандар «егер банк қарызымызды кешірмесе, үйіміздің құжаттарын қайтарып берсін» деген де талап қойған.
Бірақ олармен тілдесуге шыққан банк басқармасы төрағасының орынбасары Марат Әлменов банк қарызы кешірілгендер туралы тізімді көрсете алмайтындарын айтып, он шақты адамды жеке-жеке сөйлесуге банкке кіргізген.
Банк маңында наразылық жиынын полиция бақылап тұр.