Бостон жарылысына - бір жыл
Your browser doesn’t support HTML5
АҚШ-та бір жыл бұрын, Бостон марафонында болған жарылыс құрбандарын еске алды. Терактіден үш адам қаза тауып, 264 адам жараланған еді. АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Бостон мэриясы қызметкерлері теракт болған жерде АҚШ туын көтерді. Бостондағы жарылыс былтыр, сәуірдің 15-і күні, сағат 14:49-да болған еді. Жиналғандар құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, шіркеулер қоңырау соқты. Терактіні ұйымдастырғандар - ағайынды Царнаевтар деп танылды. Ал қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев "жарылысқа қатысты тергеу ісіне кедергі келтірді және айғақтарды жасырды" деген айыппен қамауда отыр.