Алматыдағы «қылкөпір»
Your browser doesn’t support HTML5
Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысы жол апаты жиі болатын жерлердің бірі. Азаттық тілшісі үш көлік соқтығысқанына куә болды. Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, жаңадан салынған Ақын Сара көшесінің пайдалануға берілгеніне 6 айдан асса да әлі күнге бағдаршам қосылмаған. Жоғары жылдамдықпен жүруге арналған екі көшенің қиылысында жол апаты үйреншікті құбылысқа айналғанын жол полициясы қызметкерлері де растады. Бұл көше қиылысы қарасты Алатау ауданы әкімдігіндегілердің сөзінше, Алматы қалалық автомобиль жолдары басқармасы жаңадан салынған жолдың құжаттарын әлі күнге әкімшілікке өткізбеген. Ал басқарма қызметкерлері жол құрылысының құжаттары әкімшілік балансына «енді өткізіледі» деген уәж айтты. Видео авторы: Асылхан Мамашұлы. Алматы, 6 маусым, 2014 жыл.