Республикалық дәрежедегі сарапшы Алексей Лепегов ортаңғы топтың ең үздігі деп таныған Жебе атты 9 айлық тазы. Иесі - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылының тұрғыны Нұркен Оразымбетов.
Ақтөбедегі қазақ тазыларын өсірушілер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Талғат Ермағанбетов: «Алдағы 2-3 жылда тазылар санын көбейтіп, тұқымын асылдандыруды жоспарлап отырмыз. Түпкі мақсат – бүкіләлемдік кинологтар одағына мүше болу. Ол үшін ел аумағында сарапшылар мойындап, құжат берген кемінде мың қазақ тазысы болуы керек. Жайбасарлыққа салынсақ, ертеңгі күні ұлт құндылығын өзге елдердің меншіктеп алуы да ғажап емес» дейді.
Тазылар көрмесі.
Сылдыр атты қазақ тазысының 3 жасар қаншығы. Осыған дейін бірнеше көрмеге қатысып, сан түрлі сарапшылардың алдын көрген. Асыл тұқымды екендігін айғақтайтын құжаты, құлағында таңбасы бар. Иесі - Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Мақсұт Айтжанов.
Сылдырдың құлағына басылған белгі.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тұрғыны Ерлан Теміров өзінің 11 тазысы ешқашан сарапшылар сынынан өтпегенін айтады. "Менің эксперттерім - ауыл ақсақалдары" дейді ол.
Республикалық дәрежедегі сарапшы Алексей Лепегов (сол жақта): "Ақтөбеде тектілігіне кісі күмән келтіре алмас қазақ тазысының күшіктері көп екен. Мені осы жайт қатты таң қалдырды. Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларымен салыстырғанда Ақтөбедегі тазылардың жалпы ахуалы көңілімнен шықты. Демек, перспектива бар" дейді.
Тазылар көрмесі.
Тазылар көрмесі.
Көрмеге қатысқан 20 тазының басым бөлігі бұған дейін ешқашан кәсіби сарапшылардың сынынан өтпеген.