Астанадағы велотакси
Your browser doesn’t support HTML5
Астана қаласының Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа бөлігінде велосипед такси жүре бастады. Таксидің бағасы жолдың ұзақтығына қарай 500 - 2000 мың теңге аралығында. Велосипед таксилер Есілдің сол жағалауындағы "Бәйтерек", "Мега" сауда орталығы және "Хан Шатыр" маңында жүр. Велотакси паркінде 10 велосипед бар. Ұйымдастырушылар велотакси таяуда Есілдің оң жағалауында да жүретінін айтады. Астана, 29 шілде 2014 жыл. (Видео авторы - Өркен Жоямерген).