Қырым татарларының жетекшісі, Украина Жоғарғы Радасының депутаты Мұстафа Джемилевтің ұлы Хайсер Джемилевті Қырымдағы абақтыдан Ресейдің Краснодар өлкесіне әкетті.
Украинаның «Канал 24» телеарнасына берген сұхбатында Мұстафа Джемилев Ресейге қосылған Қырымның жаңа билігі өзінің ұлына «барынша зиян келтіруді көздейді» деген ойын айтқан.
Бұған дейін Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Джемилевтің шағымына жауап ретінде Ресей билігін Хайсер Джемилевті босатуға міндеттеген еді.
Хайсер Джемилев – Украина азаматы. Ресей билігі оны «кісі өлтірді және заңсыз қару сақтады» деп айыптап отыр.
Сәуір айында Ресейге қосылған Қырым билігі Мұстафа Джемилевті экстремизмге қатысты айыптап, бес жылға дейін түбекке кіруіне тыйым салған. Шілде айында Қырым татарлары Меджилисінің төрағасы Рефат Чубаровтың да түбекке кіруіне бес жылға тыйым салынды.