Радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Сирияның Түркиямен шекарасындағы қоршауға алынған Кобани қаласының оңтүстігіндегі стратегиялық маңызы бар Миште-Нур жотасының бір бөлігін басып алды.
Лондонда орналасқа Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, "жиһадшы" содырлар Миште-Нурдің оңтүстік бөлігін 5 қазанға қараған түні күрдтің өзін-өзі қорғау жасақтары және сириялық көтерілісшілермен болған кескілескен шайқастан соң басып алған.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сириядағы "Ислам мемлекетінің" позицияларына соққы беріп жатқан коалиция күштері содырлардың шабуылын тоқтата алмаған. Мәліметтерге қарағанда, Кобани үшін шайқас басталған бір аптада 180 мыңға тарта сириялық Түркия шекарасынан өткен.
Қыркүйекте АҚШ пен бірнеше араб елдері Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымының бекіністеріне әуеден соққы бере бастаған. АҚШ авиациясы 8 тамыздан бері содырлардың Ирактағы позицияларына қарсы операция жүргізіп жатыр.