Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 21-ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімді ратификациялау жайлы» заңға қол қойды.
Келісімде сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, транспорттық дәліздерді құру, су ресурстары мен экологияны рационалды пайдалану, әскери және әскери-техникалық салада өзара әрекет ету, мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықты дамыту, келісілген сыртқы саясат жүргізу, еуразиялық кеңістік пен әлемде бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыруда тығыз іс-қимыл жасау жайлы айтылған.
Қазақстан мен Ресей президенттері ол келісімге 2013 жылы 11 қарашада Екатеринбург қаласында қол қойған еді.
Ресей президенті Владимир Путин келісімді ратификациялау туралы заңды биыл жазда мақұлдаған.