«Блиц» әдісімен өткен турнирде әр партияны ойнауға жеті минут уақыт берілді.
Тоғызқұмалақ турнирінің ең жас ойыншысы Ақжібек Манарбекқызы 2-сыныпта оқиды.
Астанадағы тоғызқұмалақ турниріне қатысушылар.
Тоғызқұмалақ - зеректік пен ептілікті қажет ететін ойын.
Әнші Бекболат Тілеухан (ортада) пен айтыскер Балғынбек Имашев (сол жақта) тоғызқұмалақ ережесімен танысып отыр.
Тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнирге қатысушылар жарыс аяқталған соң марапаттауға дайындалып тұр.
Астанада тоғызқұмалақтан өткен қалалық ашық турнирде бірінші орынды 11-сынып оқушысы Риза Нұрберген жеңіп алды. Екінші орынды 8-сынып оқушысы Есенбек Нұржан, үшінші орынды - бірінші курс студенті Айым Мұсаева иеленді.
Тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнирге қатысушылар жарыстан кейінгі естелік суретке түсті.