Ресейлік танымал актер Вадим Дорофеев Сирияда радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы жағында соғысып жүріп мерт болған. Бұл жайында әлеуметтік желілерде хабарланып, талқыланып жатыр.
Ақпараттарға қарағанда, 31 жастағы Вадим Дорофеев 2014 жылы қаңтарда исламды қабылдап, бірнеше ай бұрын әйелі мен екі баласын тастап, отбасын ескертпей "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылу үшін Сирияға аттанған.
Дорофеев ресейлік бірнеше фильм мен сериалға, оның ішінде 2010 жылы "Якудзаның қызы" атты фильмге түскен. Ол соңғы рет, Сирияға аттанарының алдында шытырман оқиғалы "Мылжың" ("Балабол") сериалына түскен.
Дорофеевтің радикалды исламшылар қатарына қосылғаны жайлы бұған дейін хабарланбаған. Бірақ кейбір таныстары оны исламды Сирияға барардан бірнеше ай бұрын қабылдаған болуы мүмкін дейді.
"Комсомольская правда" газетінің сайты қаңтардың 25-інде Дорофеевтің 24 жастағы әйелі Елена күйеуінің кенеттен жоғалып кеткенін мәлімдеп, оның Сирияда екенін айтқанын хабарлаған.