Қазақстандық "Сталинге сыйлық", "Құрақ көрпе", "Көшбасшы жолы" фильмдерінің режиссері Рүстем Әбдірашев Қазақ хандығы туралы он сериялы көркем фильмді түсіреді. Бұл туралы бүгін мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер департаменті директоры Ақтоты Райымқұлова хабарлады. Оның сөзінше, қазір фильмді түсіру тобы кино түсіретін орынды қарастырып жатыр.
Бұған дейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фильм алғашқы жоспарлағаннан екі есеге, яғни 10 серияға дейін қысқарғанын, фильм Жәнібек пен Керей билігі заманынан бастап Кенесары ханға дейінгі кезеңді қамтитынын айтқан. Бұдан өзге, кино түсіруге АҚШ пен Қытай кинокомпаниялары кеңесші ретінде шақырылатыны хабарланған.
Фильмді 2015 жылдың соңына дейін экранға шығару жоспарланып отыр.