Бұрымды қыздар сайысы

Жалағаш ауданында алғаш рет ұйымдастырылған байқауға 8-11 сыныптарда оқитын 15 қыз қатысты.

Сайысқа қатысушы қыздар көпшілік алдына қазақтың ұлттық киімдерін киіп шықты.

Байқау ережесі бойынша, оған қатысушы қыздың ұзын етіп өсірген табиғи шашы болуы шарт.

"Бұрымды бойжеткен" байқауына сынға түскен құрбыларына жанкүйер болып қолдау үшін келген оқушы балалар.

«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушы оқушы қыздар.

Байқауға қатысушыларға мектеп ұстаздарынан құралған қазылар алқасы баға берді.

«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушы мектеп оқушылары.

Байқауға қатысқандар шаш күтімі, шашқа қатысты ұлттық салт-дәстүр және шашқа тағатын әшекей бұйымдар туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

«Бұрымды бойжеткен» байқауына қатысушылар мен көрермендер.

8-сынып оқушысы Арайлым Әшірбекқызы «Бұрымды бойжеткен» байқауының бас жүлдегері атанды.

«Бұрымды бойжеткен» байқауында бірінші орын 9-сынып оқушысы Манзура Алтынбекқызына берілді.
 

«Бұрымды бойжеткен» байқауынан көрініс.