«Барахолка» қатарларын сүру
Your browser doesn’t support HTML5
Алматыдағы «Барахолка» базарының «Саяхат», «Евразия» және «Сәлем» деп аталатын бөліктерінің жол бойындағы қатарлары сүріле бастады. Қала әкімдігінің өкілі «бұл - барахолканың қызыл сызықта тұрған, сүрілуі тиіс соңғы бөліктері» дейді. Бұған дейін көлік жолын кеңейтуге бөгет болып тұрған базар бөлігін бұзу туралы биліктің жоспарына саудагерлер қарсылық танытқан еді. Алайда, 2013 жылдың соңынан бірқатар сауда орындарында бірнеше рет өрт шығып, кейін базардың жол бойындағы шеткі қатарлары күрелген соң кәсіпкерлер басқа базарларға кете бастаған. 13 наурыз 2015 жыл.