Бүгін Ақтау қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Екі сағатқа созылған жәрмеңкеге 27 жұмыс орнын ұсынған компаниялар мен түрлі мекемелер қатысты.
Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың бірі Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлісі сектор меңгерушісі Гүлфия Абатова жұмыс сұраушылардың өте көп болғанын айтады.
- Дәрігерлер мен мұғалімдерге сұраныс көп, бірақ келушілер жоқ. Мәселен, қалаға 50-ден астам дәрігер мен жаңадан ашылған Назарбаев зияткерлік мектебіне мұғалімдер керек. Жұмыс сұраушылар мұнай саласын, экономист немесе есепші мамандықтарын іздейді ,-дейді ол.
Ал «Маэк Казатомпром» компаниясының кадр бөлімі меңгерушсі і Әбілтай Ахметов токарь мен 6-разрядты электржөндеушіге 8 орын ұсынылғанымен, түйіндеме тапсырғандар экономистер мен заңгерлер дейді.
Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше облыстағы жұмыссыздық деңгейі былтыр 0,7% болса биыл 1% құрап отыр.