Оралда Сталин суретін таққан автошеру өтті

Автошеруге қатысушылар Оралдағы гипермаркеттердің бірінің көлік тұрағына жиналып жатыр. 9 мамыр 2015 жыл.
 

Автошеруді ұйымдастырғандар табылмады. Шеруге қатысушы, негізінен жас азаматтар, акция өткізу туралы әлеуметтік желілер арқылы өзара келісіп шыққан.

Автошерудің басты символикаларының арасында Қазақстанда даулы тақырыпқа айналған Георгий лентасы, Иосиф Сталиннің портреттері, ресейлік және советтік тулар болды.

Сталин портретін жергілікті кейбір белсенділер таратты.
 

Мына бір жеңіл автокөлік төбесіне зымыран қондырғысына ұқсайтын макеттер орнатып шықты.

Автокөліктер колонна болып орнынан қозғалған сәтте құжат тексеруді желеу еткен полиция оларды тоқтата бастады. Құжаттарын көрген соң шеруге қатысушыларды жөніне босатты.

Бірақ, автошеру бәрібір өткізілді. Ондаған көлік дыбыс белгісін беріп, Орал қаласының көшелерімен жүріп өтті.