Бүгін Астанада өткен арнайы жиында Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев мемлекеттік органдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ашық болуға шақырды.
Дауылбаевтың айтуынша, мемлекетік органдар өз жұмыстарын көрсетуден жасқанбауы керек.
"БАҚ-қа жариялылық және ашықтық заң бұзушылық пен коррупцияның алдын алуға көмектеседі. Бүкіл БАҚ өкілдерін заң бұзушылық фактілерін ашуға көмектесуге шақырамын" деді ол.
Жиын барысында Дауылбаев алдағы уақытта кейбір прокуратураның кей қызметтері сот жүйесіне берілетінін, оған арнайы ұсыныс та дайындалғанын жеткізді.