Ораза айт мейрамы
Рамазан айы аяқталған күні мұсылман баласы көпшілікпен бірге таңертеңгі айт намазына қатысады.
Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.
Рамазан айында көптеген елдерде дос-жаран, көрші-қолаңға арнап ауызашар беру дәстүрі бар.
Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.
Ораза айында мұсылман ауыз бекітумен шектелмей, бес уақыт намазды қаза қылмай, Аллаға мінәжат етіп, мүсәпір-міскін жандарға қайырымдылық жасайды.
Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.
Қасиетті Рамазан айы басталысымен мұсылман ауыз бекітіп, отыз күн бойы күндіз ас-су ішуден, күнәлі істерден бас тартады.
Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.
Рамазан кезінде ауыз бекіткен мұсылмандар бес уақыт намазды қаза жібермеуге тырысады.
Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.
Күнделікті өмірде пендешілікке салынып, әлденеге бола ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Үлкендер мен балаларға сый-сияпат жасалады.
Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.
Рамазан айы біткеннен соң мұсылмандардың ұлы мейрамының бірі - Ораза айт басталады.
Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.
Көптеген елдерде Ораза айт демалыс күні болып белгіленген.
Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.
Отыз күн ауыз бекітетін Рамазан айының аяқталуын айт мерекесімен арнайы атап өту 624 жылдан бастау алған деп саналады.
Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.
Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз.
Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.