Бес мыңға жуық колледж түлектері кешенді тестен өте алмады. Бұл туралы ұлттық тесттілеу орталығының арнайы есебінде жарияланған.
Биылғы кешенді тестілеу кезінде 107 адам аудиториядан шығарылған. Оның 79-ы өз орнына бөтен адам кіргізуге талпынған. 34 талапкер ұялы телефон қолданғаны үшін тесттен шығарылған.
Биылғы кешенді тестілеуге 56 мың талапкер қатысып, оның 69 пайызы шекті елу балды ала алмаған.