Қазақ-қырғыз кедендік шекарасы ашылды
Қазақ-қырғыз шекарасында кедендік бақылау алынуына арналған шараға қатысуға келген адамдар Қазақстан туы іспетті жалаушалар ұстап тұр. 12 тамыз 2015 жыл.
Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев (ортада алдыңғы қатарда сөйлеп тұр) Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада кедендік бақылауды алып тастауға арналған салтанатты шарада сөйлеп тұр. Оның оң жағында тұрған – Қазақстан премьерінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. 12 тамыз 2015 жыл.
12 тамыздан бастап Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен бірге ЕАЭО-ның толыққанды мүшесіне айналды.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақжол" бекетінде кеден шекарасының ашылуын күтіп тұрған жұрт. 12 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралық бекет.
Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы "Ақжол" бекетінде тұрған адамдар. 12 тамыз 2015 жыл.
Қырғызстанның Қазақстанмен арадағы «Ақ жол» шекаралық бақылау бекеті.
Қырғызстанның "Ақжол" шекара бекетінде Қазақстанға қарай шекарадан өтуге келе жатқан адамдар. 12 тамыз 2015 жыл.
Қырғызстаннан шыққандар Қазақстанға кіретін шекара бекеті. 12 тамыз 2015 жыл.
Қазақ-қырғыз шекаралық бекетінде кедендік бақылауды алып тастауға арналған салтанатты рәсімге жиналып тұрған қырғыз кеденшілері.
12 тамыз күні Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) Қырғызстанды мүшелікке қабылдау туралы келісім күшіне енген соң, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада кедендік бақылау күшін жойды.