Төле би көшесіндегі 15-жатақхана ғимараты 1957 жылы салынған. Тұрғындардың айтуынша, бұдан екі жыл бұрын жергілікті билік өкілдері ескі жатақхананың жағдайы қауіпті екендігін көріп, тиісті құжат толтырған.
15-жатақханада негізінен базарда қара жұрыс істеп жүргендер мен зейнеткерлер, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тұрады.
Ескі жатақханадағы қос подъездің екеуінде де есік жоқ, тек үңірейген орны ғана тұр.
Жатақханада ыстық су, газ және жылу жүйесі жоқ.
Суретте: тұрғын әйел екінші қабаттағы жуынатын бөлменің төбесі мен бұрышы шатырдан аққан судан көгеріп кеткенін айтады.
«Көктемде ғана жөндеу жұмыстарын жүргізген едім, бірақ тағы жарылып кетті. Жауын жауса шатырдан су кетеді. Қыста суық. Жылу не газ жоқ. Әйтеуір бала-шағамен басымызда баспанамыз бар ғой деп отырмыз осы жерде» дейді 12 жылдан бері жатақханада тұрып жатқан үш баланың анасы Ләззат Әшірімбетова.
Жатақхананың екінші қабатындағы бөлмелердің бірі.
Жатақхана тұрғыны бөлменің ішкі қабырғасының жарылып кеткен тұстарын көрсетіп тұр.
Жатақхана тұрғындары жаятын орын болмағандықтан жуылған киімдерді терезелеріне жіп керіп, кептіреді.
Жатақхана дәлізі қабырғасындағы жарықтан сығалаған күн сәулесі.
Қабырғасы жарылған соң жатақханадағы бөлмелердің есіктері де жабылмай қалған.
Жатақхана ауласында балалар ойнайтын арнайы орын жоқ.
Тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконнан көршісінің үйіне қарай өтіп бара жатқан жасөспірім қыз.
«Бұл жатақхананы жөндеу үшін мемлекеттен 146 миллион теңге бөлінген. Жоспар бойынша, жөндеу жұмыстары биыл күзде басталып, жыл соңына дейін аяқталуы керек» дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Азаттыққа.
Ғимараттың екінші қабатындағы бір бөлмеде тұратын зейнеткер Ақжолбек Мүсірәлиев қабырғаның жарылған тұсын көрсетіп тұр.