Оразақ ауылындағы жаңа үйлер
Your browser doesn’t support HTML5
Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылында 40 отбасыға жаңа үйдің кілті тапсырылды. Астанадан 70 шақырым жердегі ауылда сәуірде тасқыннан 200-дей үй бүлінген еді. Облыс әкімі Сергей Кулагин тағы 160 үйдің құрылысы қарашаның 10-ына дейін толық бітіп, тұрғындарға беріледі деп уәде етті. Бірақ, көктемнен бері ауылдағы мектепте бала-шағасымен тұрып жатқан кейбір тұрғындар өздеріне биыл жаңа баспана тиейтініне күмән келтіреді. 15 қыркүйек 2015 жыл.