Венгрия полициясы мен мигранттардың шекарадағы қақтығысы
Your browser doesn’t support HTML5
Қыркүйектің 16-сы күні 300-ге жуық заңсыз мигрант Реске-2 шекара бекеті арқылы Сербиядан Венгрияға өтуге әрекет жасады. Олар өздерінің жолын бөгеген Венгрия полициясына тас пен кірпіш лақтырып қарсылық білдірген. Полиция мигранттарға арнайы құралдармен көзден жас ағызатын газ, су бүріккен. Сербия ішкі істер министрі Небойса Стефанович мигранттарды бақылау үшін серб-венгр шекарасына қосымша күш жіберілетінін айтқан. (Reuters видеосы.)