Өзбек ұлттық музыка аспаптарында ойнап, ән салып тұрған өнерпаздар.
Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған шараға жиналған адамдар. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған мерекелік шарада ұлттық киіммен билеп жүрген қыз. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Ұлттық киімдегі қыздар.
Мерекелік шара кезінде қылқалам шеберлері салған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Өзбек мәдени орталығы өткізген мерекелік шарасына қатысушылар.
Тандырға пісірілген нандар.
Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған шарадағы сурет көрмесіне қойылған шығармалар.
Атлас – өзбек ұлттық киімін тігуге пайдаланылатын мата. Бүгінгі көрмеде атластың бірнеше түрі қойылды. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Отыз жыл аспаз болып істейтін Қайрат Исматуллаев 50 келі күріштен басқан өзбектің ұлттық тағамы - палауды бүгінгі мерекеге келген жұртқа тегін үлестірді. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.