Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде журналист Расим Алиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталады. Сотқа бес күдікті - Елшан Исмаилов, Жамал Мамедов, Ариф Алиев, Кенан Мадатов және Самир Мустафаев қатысады.
2015 жылы 8 тамызда 30 жастағы журналист Расим Алиевты бір топ белгісіз адам соққыға жығып кеткен. Журналист келесі күні ауруханада көз жұмған.