IWF (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) Лондон олимпиадасының сынамаларын қайта тексерген кезде қанынан допинг табылған ауыр атлеттердің тізімін жариялады.
Тізімде Қазақстан құрамасының сапында Лондонда алтын алған Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова бар. Қазақстан атлеттері рұқсат етілмеген препараттар қолданған деп айыпталған.
Тізімде төрт қазақстандық ауыр атлеттен бөлек Ресей, Әзербайжан, Укарина, Белfhecm спортшылары бар.
Тізімдегі он атлет алда болатын жарыстардан уақытша шеттетілді.
Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын алған. Сол жеті алтынның төртеуін ауыр атлеттер иеленген еді.
Төрт ауыр атлет енді алтын жүлделерінен айырылып, Қазақстан Лондон олимпиадасында медаль саны бойынша жалпы командалық көрсеткіш бойынша алған 12-орыннан 23-орынға түсіп қалуы мүмкін.
Ереже бойынша допинг қолданды деп танылған спортшылар жарыста алған жүлдесінен айырылып, өзінен кейінгі орын алған спортшыға беріледі.