Пәкістанның оңтүстік-шығысындағы Кветта қаласында ауруханаға кіреберісте жанкешті жасаған жарылыстан қаза тапқан адам саны 53-ке жетті.
Полицияның мәліметінше, 8 тамызда болған жарылыстан 30-дан астам адам жараланған. Жарылыс белгілі адвокат Билал Касиді қастандық жасалған соң ауруханаға әкелген соң ұзамай болған.
Провинция ішкі істер министрі Сарфраз Бугти шабуылды теракт деп атады. Жарылыс жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
Билал Касиді 8 тамыз күні таңертең сотқа бара жатқанда белгісіз адам атып кеткен. Адвокат ауруханаға жеткізілген соң қаза тапқан.
Полиция қаза тапқандардың көпшілігі Билал Касидің денесін ауруханаға әкелген соң сол жерге жиналған адвокаттар екенін айтады.