Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан 105 килограмда сынға түскен қазақстандық Александр Зайчиков қола медаль алды.
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 416 килограмды (193+223) көтерді. Өзбекстандық Руслан Нуруддинов олимпиада чемпионы атанды - 431 кг (194+237). Күміс медальды армениялық Симон Мартиросян иеленді - 417 кг (190+227).
15 тамыз күнгі есеп бойынша Қазақстан олимпиада құрамасында екі алтын, төрт күміс, бес қола медаль бар. Бүгінгі жарыс күні боксшы Василий Левит күміс медаль еншілеген.