Бішкекте Қытай елшілігінде жарылыс болды
Your browser doesn’t support HTML5
Ақпараттарға қарағанда, Бішкектегі Қытай елшілігінде болған жарылыстан бір адам мерт болып, екі адам жарақат алған. Оқиға орнында құтқару қызметі, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем дәрігерлері барған. Кейбір мәліметтерге қарағанда жарылыс елшілік ғимаратының ішінде болған. Елшілікті қазір полиция қоршап тұр. Енді бер деректерде елшілік қақпасына келіп соғылған көлік жарылғаны айтылады. Маңайдағы тұрғындар жарылыстың қатты болғанын, үйлерінің терезелері дірілдегенін айтқан. Азаттықтың Қырғыз қызметі видеосы.