Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Армения президенті Серж Саргсян және Молдова премьер-министрі Павел Филип Бішкектегі «Ата бейіт» мемориалдық кешеніндегі 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына орнатылған ескерткішке гүл қойды. Бұл туралы ресми ақпарат көздеріне сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Қырғызстан, Ресей, Армения және Молдова жетекшілері жұма күні Бішкекте ТМД елдері басшыларының 25-отырысына қатысқан.
1916 жылы патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қырғыз халқының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде құрбан болғандарға арналған ескерткіш Бішкекте биыл қыркүйектің 2-сі күні ашылған.
Бішкектегі гүл қою рәсімінен видео:
Your browser doesn’t support HTML5