Қырғызстан соты құқық қорғаушы Ахимжан Асқаровтың ісін қайта тергеуге жіберді. 4 қазанда Шу облыстық соты Асқаровты тергеу аяқталғанша қамауда қалдыруға шешім шығарды.
Ұлты өзбек Қырғызстан азаматы Азимжан Асқаров 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген.
Қырғызстанның жоғарғы соты биыл шілдеде Асқаровты өмір бойына түрмеге жабу туралы өзі шығарған үкімнің күшін жойып, істі "жаңа пайда болған жағдайларға байланысты" Шу облыстық сотына қайта тексеруге жіберген.
Осыған дейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. Осыдан кейін Асқаров пен оның адвокаттары Жоғары сотқа шағым түсіріп, істі қайта қарауды сұраған.
2010 жылғы этникалық қақтығыстан 450-ден астам адам қаза тауып, ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.