Талдықорған түбінде оқу-жаттығу кезінде Су-27 әскери ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеу басталды деп хабарлады бүгін бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі. Ұшақ апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 464-бабымен ("Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу") сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қорғаныс министрлігі бұған дейін ұшқыш Әділбек Искаков "әуеде болған төтенше оқиға кезінде" Су-27 ұшағын апатқа ұшырамас бұрын елді мекеннен қашыққа қарай бұрып әкетіп, өзі катапультпен секіріп кеткенін хабарлаған. Министрлік ұшқыштың жағдайы бірқалыпты дейді.
Бас әскери прокурутараның басшылық ететін ұшақ апатын тергеу комиссиясының құрамына Талдықорған гарнизоны әскери полициясы мен ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері енген.