Қырғыз президенті Азаттық радиосын "халықаралық сотқа беруге дайын" екенін айтты
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 наурызда сөйлеген сөзінде Азат Еуропа Радиосы/Азаттық Радиосы Қырғыз қызметін халықаралық сотқа беріп, биыл қыркүйекте АҚШ-қа барған кезде президент Дональд Трампқа арызданатыны туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, АЕР/АР Қырғыз қызметі мен Zanoza.kg вебсайты Қырғызстанның оппозициялық "Ата-Мекен" партиясы жетекшісі Омурбек Текебаев тұтқындалған соң жариялаған репортаждарында өзіне "жала жапқан".
АЕР/АР вице-президенті әрі бас редакторы Ненад Пеич наурыздың 24-і күнгі Атамбаевтың мәлімдемесіне жауап бере отырып: "АЕР/АР репортажынан қайтпайды, қарсы тараптар пікірі тең берілген және кәсіби деп санайды. Президентпен жүздесуге, оны алаңдататын жайттарды талқылауға қашанда дайынбыз" деді.