Молдова билігі елден бөлінген Приднестровье билігінің Ресейден өз паспорттарын мойындауды сұраған өтінішін айыптады. Молдова парламентінің спикері Андриан Канду Мәскеудің мұндай қадамы "халықаралық құқық нормаларын өрескел түрде бұзатынын" мәлімдеді.
5 сәуірде Приднестровьеде Ресей депутаттарымен бірлескен тыңдау өткен. Тыңдауда Ресейді "паспортты" мойындауға шақырған қарар қабылданған.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығыс облыстарындағы сепаратистер беретін сыртқа шығу құжаттарын "заңды" деп тапқан. Қарарда Ресейдің "этникалық орстарды қорғау" және "орыс әлемін нығайту" саясатын қолдайтыны айтылған.
Молдова премьер-министрі Павел Филип 6 сәуірде Ресейдің Молдованың территориялық тұтастығын қолдайтынын және "Украина шығысындағы сценарий бұл аймақта ойнатылады" деп ойламайтынын айтты.
Приднестровье тәуелсіздігін 1992 жылы жариялаған және осдан бері Мәскеуден экономикалық, саяси және әскери қолдау көріп келеді. Приднестровьеде Ресейдің 1200 әскери қызметкері орналасқан. Киишинев Ресей әскерін халықаралық бітімгерлік күштерімен алмастыруды талап еткенімен, ол орындалмады.