Парламент мәжілісі бүгін Қазақстан президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қоюды қарастыратын кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады.
Мәжілісте заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, жобада президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар күшейту қарастырылған. Атап айтқанда, азаматтардың президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынуына тыйым салу қарастырылған. Бекетаевтың сөзінше, президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар ғана ұсына алады.
Жобаға сай, сонымен қатар кандидаттарға мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған кем дегенде бес жыл тәжірибесі болуы, президенттік міндетін атқаруына кедергі келтіретін ауруы жоқтығын растау туралы талаптар енгізу қарастырылған. Кандидат міндетті медициналық тексеруден өткізіледі. Бұл талап "Сайлау туралы" заңға енгізілмек.
Қазақстанда биыл көктемде конституцияға президенттің кейбір өкілеттіктерін үкімет пен парламентке бөліп беруді қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.