Ресей жеңіл атлет, Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Анастасия Капачинская мен ресейлік тағы екі спортшы допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.
Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, Капачинская, Инга Абитова мен Дениса Алексеева олимпиадасы кезінде алынған сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде тыйым салынған туринабол препаратын қолданған деп айыпталды. Капачинскийдің сынамасынан бұған қоса станозолол препаратының белгілері де табылған.
Капачинская Пекиндегі ойындарда 400 метрлік эстафетаға қатысып, күміс жүлде иеленген. 2011 жылы Тэгуде өткен әлем чемпионатындағы сынамасы да қайта тексеруде оң нәтиже көрсеткен.
Абитова Пекиндегі ойындарда 10 мың метрге жүгіруде 6-орын, Алексеев 400 метрге эстафетаға жүгіруде қола медаль алған.
Ресейдің допингке қарсы агенттігі спортшылар допинг туралы ережені бұзғандарын өздері мойындады дейді. Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алынған жүздеген сынаманы допинг іздері бар-жоғын жетілген технологиямен анықтау үшін қайта тексеріп жатыр.