Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкері мен Абай аудандық ішкі істер департаментінің тергеушісі екі миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратураның мәлімдеуінше, 24 шілдеде прокуратура қызметкері мен тергеуші жеке кәсіпкерді жауапкершілікке тартпау туралы келісімге келіп, одан екі миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Прокуратура қызметкері қамауға алынды.
24 шілдеде жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Шымкентте облыстық тексеру комиссиясының екі қызметкері парамен ұсталғанын хабарлаған.