"Достук" шекара бекетінің ашылу рәсіміне қатысушы тұрғындар. 6 қыркүйек, 2017 жыл.
"Достук" шекара бекетінің ашылу салтанатына мыңдаған адам жиналды.
"Достук" бекеті Өзбекстанның Әндіжан облысы мен Қырғызстанның Ош облысы аралығындағы мемлекеттік шекарада орналасқан.
2010 жылғы "Ош оқиғасынан" кейін екі елдің азаматтарының аталған бекет арқылы шекарадан еркін өтуіне шектеу енгізілген еді.
Шектеу тәртібіне сәйкес, шекараның арғы бетіндегі туыстарына бару үшін тұрғындар отбасылық жағдайға байланысты келген арнайы шақырту немесе телеграмма ұсынуы тиіс болатын.
"Енді екі елдің азаматтары шекарадан ешқандай қосымша құжат ұсынбай, жеңілдетілген тәртіп бойынша өтуге мүмкіндік алды", - деп мәлімдеді Қырғызстан вице-премьері Дуйшенбек Зилалиев.
"Халықтың қуанғанын көрдім. Енді төлқұжат көрсетіп өте бересіз. Одан басқа ешқандай құжат қажет болмайды", - деді "Достук" бекетіндегі ашылу шарасына қатысқан Өзбекстанның Әндіжан облысының басшысы Шухратбек Әбдірахманов.
Қырғыздың ұлттық киімін киген әйелдер"Достук" шекара бекетінің ашылуы рәсімінде тұр.
"Достук" шекара бекетінің ашылу рәсіміне қатысушы қырғызстандық тұрғындар.