Жанболат Мамайдың әкесі Мамай Бекхожиев (сол жақта) пен анасы Менизат Тоқпатаева ұлдарына үкім шығатын сот отырысын күтіп отыр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Полиция өкілі қамаудағы журналист Жанболат Мамайды (оң жақта) үкім шығар алдында сот залына әкеле жатыр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
2017 жылғы ақпан айынан бері тергеу абақтысында қамауда отырған журналисті сот залына қолына ксен салып әкелді.
Жанболат Мамайға шығатын үкімді тыңдауға келген адамдар сот өтіп жатқан залға сыймады. Олар үкімді басқа бөлмедегі монитор арқылы естіді. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Судья Дәурен Мәукеев "Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайға шығарған үкімін оқып тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов "жымқырған" қаражаттың бір бөлігінің "ізін жасырды" деген айыппен жауапқа тартылған Жанболат Мамай өзіне қатысты сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Жанболат Мамайдың үкімін тыңдауға жиналғандар. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Азаматтық белсенді әрі Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай (сол жақта), құқық қорғаушы Андрей Сивиридов (оң жақта) Жанболат Мамайдың үкімін тыңдап тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
БАҚ өкілдері "Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайға сот үкімі шыққан сәтті түсіріп тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Солдан оңға: азаматтық белсенділер Әміржан Қосанов, Гүлжан Ерғалиева және Рысбек Сәрсенбай Жанболат Мамайға шыққан сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Азаматтық белсенді Инга Иманбай (сол жақта) мен журналист Нәзира Дәрімбет Жанболат Мамайды қамаудан босату туралы сот үкімі жарияланғаннан кейін. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Журналист Гүлжан Ерғалиева (сол жақта) мен Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Төлеген Жүкеев. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Қамаудан босап шыққан Жанболат Мамай журналистерге сұхбат беріп тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
Жеті ай бойы тергеу абақтысында қамауда отырып, сот үкімімен бостандыққа шыққан Жанболат Мамай (ортада) өзін қолдаушылармен бірге. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.