Алматыдағы ардагерлер қоғамдық бірлестіктері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров шараға қатысушыларды қала әкіміне жазылған 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмді айыптау хатына қол қоюға шақырды.
Алматы қаласының әкіміне жазылған үндеуге қол жинау.
Үндеу Алматы қаласының әкімінің атына жазылған, алайда акцияға қатысушылар оған қоса қала прокуроры мен Қазақстан президентінің әкімшілігіне де хат жолдауды ұсынды.
Парламент депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев (сол жақта) әлдекімдер бүлдіріп кеткен бұрынғы Совет одағының қаһарман қалаларына қойылған ескерткіш тастардың жанында тұр.
Алматы қаласындағы "Ленинград блокадасының тұрғындары" ұйымының жетекшісі Марина Сергиева саябақтағы Ленинград қаласына арналған ескерткішті белгісіз біреулердің бүлдіріп кеткенін көрсетіп тұр.
Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері, бұрынғы Ленинград блокадасының тұрғындары мен фашистік концлагерьлердің тұтқындары комитетінің жетекшісі Көпесбай Жампейісов (ортада) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне айналған шара кезінде сөйлеп тұр.
Мәскеу түбінде жауға қарсы шайқасқан дивизияның командирі генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова (оң жақта) 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализм оқиғасын айыптады.
Парламент мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Германияда совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштерге деген құрмет Алматыдағыдан жақсы деп мәлімдеді.
Алдын ала жоспарланған сенбілікке әзірлеп әкелген құрал-саймандардың қажеті болмай қалды – сенбілікке жиналғандар аяқасты басталған Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы вандализмге қарсылық шеруіне қатысты.
Жоспарлы сенбіліктің орнына аяқасты басталған вандализмге қарсылық шеруіне қатысқан жастар жиын аяқталған соң Қазақстан парламентінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевпен бірге суретке түсті.
Қызыл әскер формасын киген "Боевое братство" ардагерлер ұйымының төрағасы, запастағы полковник Сергей Пашевич 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы бұрынғы СССР-дің қаһарман қалаларының ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қойылған ескерткіштерді бүлдіру оқиғасын "саяси вандализм" көрінісі деп атады.
Жоспарланған сенбіліктің орнына вандализмге қарсылық шеруіне айналып кеткен шараға қатысып, бейбіт акция аяқталғаннан кейін қайтып бара жатқан адамдар.