Полиция "ұнамсыз ұйымды" іздеп келді
Your browser doesn’t support HTML5
Мәскеуде "Открытая Россия" ("Ашық Ресей") қоғамдық қозғалысының конференциясы өтіп жатқан жерге жиырма шақты полиция қызметкері келді. Олар "ұнамсыз ұйымның" жиыны туралы анонимді хабар түскенін айтқан. Ресей заңына сай, қызметі "ұнамсыз" деп танылған үкіметтік емес ұйымдарға Ресей территориясында жұмыс істеуге тыйым салынады. Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.