Ирандағы билікке қарсы наразылық
Your browser doesn’t support HTML5
Иранда желтоқсанның 28-інде басталған наразылық шеруі Тегеран және басқа да қалаларда жалғасып жатыр. Баға қымбатшылығы мен көпшілік қолды тауарларға субсидияның алынып тасталғанына наразылық білдіріп шеруге шыққандар көп ұзамай билікті айыптауға көшкен. Олар Иран президенті Хассан Роухани мен клерикалдық өкіметті, соның ішінде Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеиді де сынаған. Бірнеше күнге жалғасқан қақтығыстар барысында кемінде он адам қаза тапқаны туралы хабарланды.