10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 19-сессиясында Астана даңғылының атауын Нұрсұлтан Назарбаевқа өзгерту туралы ұсыныс айтылды.
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдехановтың Азаттыққа айтуынша, қаладағы Астана даңғылының атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстыруды мемлекеттік құқық мәселелері, өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мен жергілікті депутаттар ұсынған. Ұсынысты сессия отырысында Мелдехановтың өзі оқып берді.
Көше атауына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын сессия отырысына қатысқан депутаттардың барлығы бір ауыздан қолдады. Бірақ көшенің атауы толық қашан ауысатыны әлі белгісіз.
2017 жылы Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертілген.
Депутаттар "Назарбаев даңғылы" жайлы
Your browser doesn’t support HTML5