«АҚШ бастаған коалиция күштері Сирияда АҚШ қолдайтын Сирия демократиялық күштерінің (SDF) штаб-пәтеріне жасалған «шабуылдан» соң Сирия үкіметі жағында соғысып жүрген 100-ден астам сарбаздың көзін жойды» деп хабарлады америкалық шенеунік.
«Сирия режимін қолдайтын күштердің артиллерия, танктер, зымыран кешені мен зеңбіректермен қаруланған шамамен 500-дей жасағына соққы берілді» деді аты-жөнін атамаған АҚШ шенеунігі.
7 ақпан күні АҚШ бастаған Жедел шешім қабылдау орталығы Дейр әл-Зор провинциясында Евфрат өзенінен 8 километр шығысқа қарай деэскалация аймағында SDF күштеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған. Шабуыл кезінде SDF-пен бірге коалиция кеңесшілері де болған.
«Коалиция мен оның серіктерін қорғау мақсатында коалиция шабуыл жасағандарға әуеден шабуылдады» делінген орталық таратқан мәлімдемеде.
Сирия билігін қолдайтын күштердің шабуылынан америкалықтар зардап шекпеген.
Сирияның мемлекеттік БАҚ-ы 8 ақпан күні АҚШ бастаған коалицияның шабуылынан ондаған адам қаза тапқанын растағанымен, қаза тапқандардың сарбаздар екенін айтпады.