Өзбекстанда Ұлттық қауіпсіздік қызметі бұрынғы төрағасының орынбасары Шухрат Гулямовтің тапсырмасын орындаған 42 жастағы полковник Тоймуроз Алимов тұтқындалды деп хабарлады өз дереккөзіне сілтеген Азаттықтың Өзбек редакциясы («Озодлик» радиосы).
Алимовтың ұсталуынан хабары бар өзбек шенеунігінің хабарлауынша, Тоймураз Алимов «қасақана кісі өлтірді», «билікті теріс, асыра пайдаланды немесе қызметте әрекетсіздік танытты» және «кінәсіз адамды жауапқа тартты» деген айыптар тағылған. Алимов ақпан айында ҰҚҚ-ның жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары болған.
Тергеуге жақын дереккөзінің айтуынша, күдікті Тоймураз Алимов Өзбекстан Әскери прокуратурасының сұрауы бойынша 26 ақпан күні ұсталып, Ішкі істер министрігінің тергеу абақтысына жабылған.
28 ақпанда «Озодлик» тілшісімен сөйлескен Өзбекстан тәуелсіз құқық қорғаушылар бастамашыл тобының жетекшісі Сурат Икрамов Тоймураз Алимовтің «қамақана кісі өлтірді» деген күдікпен ұсталғанын айтқан. Құқық қорғаушы Өзбекстан түрмелерінде тұтқындарды Алимовтің өзі азаптап келгені туралы мәлімет білетінін айтты.
Икрамовтың сөзінше, Алимов «арнайы қызметтің бақылауындағы ұнамсыз адамдар мен құпия сақталуы тиіс оқиға куәгерлерінің көзін жою» ісі бойынша жауапқа тартылып жатыр.