Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкектегі "Ала-Тоо" мейрамханасында жүздеген адамның улануына тауық етінен дайындалған тағам себеп болған. Бұл тағамнан сальмонеллез таяқшалары табылған.
Министрлік зертханадағы тексеру аяқталған соң сальмонеллез таяқшалары тек дайын өнім сынамаларынан табылғанын хабарлады. Дәрігерлердің пікірінше, тамақ дайындау технологиясы мен оны сақтау шарттары бұзылған болуы мүмкін.
Бішкектегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы "Ала-Тоо" мейрамханаларының асханасын дезинфекциялап жатыр.
5 сәуірдегі мәлімет бойынша, Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 94 адам емделіп жатыр. Шу, Нарын және Ыстықкөл облыстарының ауруханаларында 36 адам емделіп жатыр. Улану белгісімен дәрігерге қаралғандардың барлығы 31 наурыз күні "Ала-Тоо" мейрамханасында тойға қатысқан.
Астан улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.