Трамп Ресейге "Сириядағы соққыға дайын болуды" ескертті
Your browser doesn’t support HTML5
Cәуірдің 11-і күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Пентагонның Сирияға жасауы ықтимал зымыран шабуылына дайын болуды ескертті.
"Ресей Сирияға қарай ұшырылған барлық зымыранды атып түсіруге уәде етті. Сақтан, Ресей, өйткені олар [зымырандар] мықты, жаңа және ақылды болады. Өз халқын газбен өлтіріп, содан ләззат алатын хайуанмен әріптес болу жарамайды" деп жазды Трамп Twitter-дегі парағына. Ол соңғы сөздерінде "хайуан" деп Сирия президенті Башар Асадты атап жүр.
Бұған дейін Ливандағы Ресей елшісі Сирияны нысанаға алған америкалық кез-келген зымыранды Мәскеу атып түсіреді деп мәлімдеген болатын. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы – орыс тілінде.