Екі күндік үзілістен кейін және аймақтардағы ірі митингілерден соң бүгін Ереванда және Арменияның өзге де қалаларында оппозициялық саясаткер Никол Пашинянның жақтастары қайтадан шеруге шығып, "Азаматтық бағынбау" акциясын жалғастырды.
Өзінің қозғалысын "халықтық" деп сипаттаған парламенттегі «Елк» фракциясының жетекшісі Пашинян бұған дейінгі акцияда Серж Саргсяннның отставкасына және биліктегі Республикалық партияның премьерлік орынға кандидат ұсынбау талаптарына қол жеткізген болатын.
42 жастағы Пашинян Республикалық партия парламентте премьерге дауыс беретін 1 мамыр күні өзінің кандидатурасын қолдап, "халық жеңісінің соавторы болуы керек" деп санайды. Ол бұған дейін бейбіт түрдегі "Азаматтық бағынбау" акциясының жалғасатынын айтқан болатын. Ол жақтастарын премьер-министр сайланатын күні елді көшеге шығып, "Арменияның бүкіл көшелері мен алаңдарын тасқынға айналдыруға" шақырған еді.
Бүгін кешке Никол Пашинянның қозғалысы Еревандағы Республика алаңында кезекті митингісін өткізбекші.