АҚШ Федералдық соты өзбекстандық босқын Бахтиер Джумаевтқа терроризммен байланысты екі қылмыс жасады деген айып тақты.
The Denver Post газетінің жазуынша, прокурорлар Джумаевті "Ислам жихады одағы" террорлық тодына қаржылай көмек көрсетті және оның құрамына кірмек болды деп айыптайды. Прокурорлардың мәліметінше, өзбекстандық босқын арнайы код арқылы террорлық топ есепшотына 300 доллар ақша аударған.
30 сәуірде өткен сот отырысында Бахтиер Джумаевтің адвокаты Дэвид Бэрри Савиц Джумаевқа қарсы айыпты терістемек болып, оның 300 долларды өз қарызын төлеу үшін аударғанын мәлімдеген.
Ол Федералдық қаупісіздік қызметінің агенттері Джумаевтен жалған куәлік алды деп біледі.
Адвокаттың сөзінше, Бахтиер Джумаев зиратта кезекшілік атқарған. "Сондықтан үш сағаттық тергеу кезінде ол қатты үрейленіп және шаршап тұрды, ол өзін торға түсіп қалғандай сезінді" деді сотта Джумаевтың адвокаты.
The Denver Post басылымының жазуынша, Бахтиер Джумаевқа үкім 18 шілдеде шығарылады.
АҚШ-та соңғы жылдары бірнеше өзбестандық терроризм қылмыстарын жасады деп айыпталған.