Франция полициясы сенбі күні кешке Париж операсы маңында көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған ер адамды атып өлтіргенін хабарлады. Полицияның мәліметінше, шабуылдан кемінде бір адам қаза тауып, төрт адам жараланған.
"Пышақпен қаруланған адам Париждің екінші округінде бес кісіге шабуыл жасады: зардап шеккендердің біреуі қайтыс болды, екеуі ауыр жараланды, тағы екеуінің жарасы жеңіл. Қастық жасаушы өлді", - деп жазды полиция Twitter желісіндегі парағына.
Қылмысқа күдіктінің кім екені туралы әзірше мәлмет жоқ. Париж прокуроры қылмыстың мән-жайын анықтаумен полицияның террорға қарсы бөлімщесі айналысатыны туралы хабарлаған.
Пышақпен жасалған шабуылдан кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы оған жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.