Сенбі күні Париж орталығында көшедегі жұртқа пышақпен шабуыл кезінде полиция атып өлтірген адам – 1997 жылы Шешенстанда туған. Бұл туралы сот мекемесіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған жергілікті басылымдардың хабарлауынша, күдікті 2010 жылы Франция азаматтығын алған. Франциялық кей басылымдар оның аты-жөні Хамзат Азимов деп хабарлады.
Полиция күдіктінің ата-анасынан жауап алған.
Бұған дейін полиция мамырдың 12-і кешкісін Париждің екінші округінде пышақпен жасалған шабуылдан бір адам қаза болып, екі кісі ауыр жараланды, тағы екеуінің жарасы жеңіл деп хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, сенбі күні пышақпен шабуыл жасаған адам: "АллаҺу әкбар!" деп айғайлаған. Күдіктіні полиция атып өлтірген.
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Париждегі шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.